Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Бірлік күні Қазақстанда 2000-нан астам іс-шара өтеді

30-04-2024, 13:10 Мадина Айдарова

1 мамырда еліміздің әр аймағында ел бірлігі күніне орай 2000-нан астам іс-шара өтеді.

Елордада Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының бастамасымен «Бірлігіміз жарасқан» концерті өтеді. «Гүлдер» және «Birlik» ансамбльдерінің бір топ бишілері мен жеке орындаушылары хореографиялық композициялар ұсынады.

Түркістан облысындағы «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығында «Ынтымақ – достық кепілі» ашық есік күні өтеді.

Таразда «Тарих аясындағы көне Тараз» жылжымалы археологиялық көрмесі өтеді, көрмеде құнды мұражай экспонаттары ұсынылады. Іс-шараны «Ежелгі Тараз ескерткештері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырады.

Шығыс Қазақстан облысында «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» атты кітап көрмесі ашылады.

Ұлытау облысында жастар арасында ұлттық ойындар ұйымдастырылады, Абай облысында этнофест және «Ақ бауырсақ» ұлттық тағамдар фестивалі өтеді.

Қазақстан халқының бірлігі күні – 1996 жылдан бастап әр жыл сайын атап өтілетін мемлекеттік мереке. Осы жылдар ішінде мереке барлық қазақстандықтарды біріктіретін игі дәстүрге айналды.

Қазақстанда бейбітшілік пен келісімде 120-дан астам этнос тұрады. Халық бірлігі – толеранттылық пен мәдениетаралық қатынасқа негізделген қуатты да берекелі мемлекеттің белгісі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив