Ғарыш қызметі жөніндегі ЦДИАӨМ алқасының отырысы
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ғарыш қызметі жөніндегі алқасының отырысы өтті. Алқа аясында министр Бағдат Мусин, ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Бірінші басшылар ғарыш саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша баяндамалар жасады. "Цифрлық теңсіздікті" жою жөніндегі мемлекеттік міндеттерді шешу шеңберінде "KazSat" спутниктік технологияларын қолдана отырып, елдің аз қоныстанған ауылдық пункттерінде ақпараттық-коммуникациялық жүйелерге кең жолақты қолжетімділікті ұсыну жөніндегі жоба іске асырылуда. 176 ауылдық елді мекен абоненттік қолжетімділік технологиясы ретінде Wi-Fi Hotspot шешімін қолданылған желіге қосылды. Аталмыш 176 ауылда кең жолақты қолжетімділік қызметтерімен 17 мыңнан астам адам қамтылды.
Қазақстанның ғарыш саласын дамыту тұжырымдамасында Қазақстан Республикасының мүддесі үшін, оның ішінде Қазақстанның 328 ауылын кең жолақты Интернетке қосу жөніндегі мемлекеттік міндетті шешу мақсатында қазіргі заманғы кең жолақты геостационарлық емес байланыс желілерінің шешімдерін дамыту жөніндегі міндеттер атап өтілді. Осыған байланысты "Көктерек" ОКЖ аумағында OneWeb геостационарлық емес байланыс желісін қосу жөніндегі станциясын құру жұмыстары аяқталуда, коммерциялық қызметтерді ұсынуға техникалық дайындық 2024 жылға жоспарланған.
Ghalam және "ҚҒС "ҰК" АҚ алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі СбИК - кешенінің барлық инфрақұрылымының алдағы жобаларға дайындығын қамтамасыз ету. Бұл үшін Ghalam СбИК операциялық біліктілігі бойынша бірқатар тапсырмаларды сәтті орындады. Бұл француз мамандарымен бірлесіп жүргізілген жүйелік-антенналық полигонның сынақ учаскесін орнатуда техникалық персоналдың да, технологиялық жабдықтың да, дайындығының көрсеткіші. Сондай-ақ, "ҚҒС "ҰК" АҚ стратегиялық әріптес Airbus D&S компаниясымен бірлескен жұмыстардың қорытындысы бойынша 2023 жылы СбИК кешені өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.
2023 жылы сала үшін маңызды жоба – орта ажыратымдылықтағы ЖҚЗ спутниктерінің топтамасын құру жобасы басталды. Жобаны іске асыру агрокультуралық сектордың, төтенше жағдайлардың, сондай-ақ табиғи ресурстарды пайдаланудың мониторингі жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған және қолданыстағы "KazEOSat-2" ЖҚЗ ҒЖ ауыстыруға мүмкіндік береді.
2023 жылы «JerInSpectr» және «Minerals.gov.kz» цифрлық платформалары коммерциялық пайдалануға берілді. Цифрлық платформаларды енгізу бойынша 2023 жылға арналған жоспардың орындалуы жоспарланған 30%-дың орнына 40 %-ды құрады.
Осы жылдың наурыз айында "BAIKONUR" мобильді қосымшасының көмегімен тестілік режимде Kazakhturism өкілдеріне "Зенит-М" ҒЗК-ға баруға өтінімдер іске қосылды. Болашақта "Байқоңыр" кешенінің барлық объектілеріне, зымыран тасығышты дайындау және ұшыру кезінде іске қосылған объектілерді қоспағанда, осы мобильді қосымшаның көмегімен жіберуді қамтамасыз ету жоспарлануда.
Өткен жылы В. Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтында астрономиялық зерттеу хабын (Астрохаб) құру бойынша маңызды жоба іске асырыла бастады. АстроХаб - бұл Ассы-Түрген обсерваториясындағы қазақстандық және халықаралық оптикалық телескоптарды, жерге жақын ғарыш кеңістігін мониторингтеу кешендерін, жердегі обсерваториялар үшін оптикалық-механикалық аспап жасауда құзыреттілігі өсуін қамтамасыз ететін бақылаулар деректерін жинаудың, талдаудың, сақтаудың аппараттық-бағдарламалық құралдарын байланыстыратын бірыңғай экожүйе.
Кездесу қорытындысы бойынша Министр Бағдат Мусин ғарыш саласының кәсіпорындары жүргізіп жатқан жұмыстарға оң баға беріп, саланы одан әрі дамыту үшін, оның ішінде жасанды интеллектті қолдану үшін бірқатар тапсырмалар берді.