Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.55 533.75 5.36

Ардагерлер мен жастар форумы

30-04-2024, 17:21 SHAKARIM UNIVERSITY

Ел ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ. Біздің басты мақсатымыз –  ұлттық болмысы берік, рухы биік, тарихи тамыры терең ұрпақ тәрбиелеу. Жастайынан еліне деген сүйіспеншілікпен, ұлттық рухта  тәрбиеленген намысшыл жастар болашағымызды қалыптастыратын тұлғалар болмақ. Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай: «Адам болу - қасиет, азамат болу – міндет, патриот болу - парыз». 

Осы орайда бүгін Семей қаласында қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен және қалалық әкімдіктің қолдауымен «Ардагерлер- ұлт ұйытқысы, ұрпақ жалғасы, Отан қорғаушы – жастар» қалалық Форумы өткізілді. Форум жұмысына қала әкімдігі, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, оқу орындарының студенттері мен жастар қатысты. 

Форум аясында бастауыш ардагерлер ұйымдарының жұмысы туралы шағын көрмелер ұйымдастырылды. Шәкәрім университетінің ардагерлері ұйымы да көрмеге және Форумға белсене қатысты. Ардагерлер кеңесінің төрағасы профессор Қ.Ж. Амирханов Форумға қатысушыларға ұжым ардагерлері атынан  құттықтау лебізін жеткізді. Қаламыздың құрметті азаматы, әріптесіміз профессор З.Қ.Тоқаев жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу ісіне сіңірген зор еңбегі үшін  Республикалық ардагерлер кеңесінің «Құрметті ардагер» атағына ие болды.

Құмарбек Амирханов

Shakarim University 

Ардагерлер кеңесінің  төрағасы

техника ғылымдарының докторы, профессор 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив