Мақаншы ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды
Конкурстық комиссия негізінде Мақаншы ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Соғымбай Олжас Амангельдіұлы тағайындалды.
Олжас Амангельдіұлы 1990 жылы Мақаншы ауданы Қарабұта ауылында дүниеге келген.
2009-2012 жылдары Семей сервис колледжінде Мемлекеттік тілде іс-қағазын жүргізуші және мұрағаттанушы мамандығы бойынша, 2012-2015 жылдары Әлихан Бөкейхан университетінде Жергілікті және мемлекеттік басқару ісі мамандығы бойынша білім алды. Филиология ғылымдарының магистрі.
2010-2011 жылдары Семей сервис колледжі, Жастар комитетінің жетекшісі;
2011-2014 жылдары Семей қаласының Абай атындағы театрының әдеби бөлімінің меңгерушісі;
2014 жылы ШҚО тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау инспекциясының маманы;
2014-2018 жылдары Семей қаласы Тілдерді оқыту орталығының директоры;
2018-2022 жылдары Семей қаласының жастар ресурстық орталығының директоры;
2022-2023 жылдары Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы;
2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін Абай облысының қоғамдық даму басқармасы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының және этносаралық қатынастарды мониторингілеу бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.
ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың алғыс хаты және құрмет грамотасымен марапатталған.