Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны жағдайы тәулік бойы бақылауда
Алтай аймағындағы Зубовск кентінде ұйымдастырылған жұмыстардың арқасында 7 елді мекенде су толығымен ағызылды, 17 аула аумақтары су астында қалды, оның 4-і тұрғын емес ғимарат. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың құтқарушылары 370 дана қап контейнерлерін төсеп, 1265 тонна инертті материалдарды құйып, мотопомпалардың көмегімен 20 мың текше метр суды сорды.
Снегирево ауылында профилактикалық іс-шаралар аясында Бұқтырма өзенінің жағалауындағы бөгетті нығайту жұмыстары жүргізіліп, 250 дана қап контейнерлері төселді. Жұмыс аяқталды. Су тасқыны тіркелген жоқ.
Алтай өңірінде су деңгейі айтарлықтай төмендеп, критикалық деңгейден аспайды.
Құтқарушылар мен аудан әкімдіктері Шемонаиха ауданы мен Алтай аймағындағы су деңгейін бақылауды жалғастыруда.