ТЖ министрлігі еріктілер ұйымдарының жұмысын атап өтті
Жыл сайын 27 ақпанда Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні (World NGO Day) атап өтіледі.
1950 жылғы 27 ақпанда Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарында «халықаралық үкіметтік емес ұйымдар» ұғымы енгізілді, бұл азаматтық қоғамның адамзат үшін маңызды міндеттерді шешудегі рөлін мойындауды білдірді.
ТЖМ аумақтық бөлімшелері үкіметтік емес ұйымдармен өзара тығыз іс-қимыл ұйымдастырды. ҮЕҰ бағыттарының бірі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында Волонтерлік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.
Бүгінгі таңда бізбен 100-ге жуық волонтерлік ұйым ынтымақтасады. 2022 жылы іздеу-құтқару жұмыстарына 660 ерікті тартылды. Сондай-ақ, ҮЕҰ-мен бірлесіп ТЖ алдын алу, оқыту және конкурстар өткізу бойынша түрлі акциялар мен рейдтер өткізіледі.
Бүгін Министрлік қызметкерлері «Қазақстан Азаматтық Альянсы» ЗТБ өткізетін салтанатты іс-шараға қатысты.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Министрлік атынан «Қазақстан Азаматтық Альянсы» ЗТБ, «Ұлттық волонтерлік желі», «ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамы» Астана филиалы, сондай-ақ «QANAT» еріктілер қозғалысы алғыс хатпен марапатталды.
ТЖ министрлігінің қызметкерлері құттықтап, зор, игі және риясыз еңбегі үшін, сондай-ақ жемісті өзара ынтымақтастығы үшін алғыстарын білдірді.