Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Еліміздің барлық өңірлерінде «Қызмет алушылар күні» өтті

4-05-2024, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру аясында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша «Қызмет алушылар күні» өткізілді.

«Қызмет алушылар күні» еліміздің барлық өңірлерінде бірыңғай форматта өтіп, оған 1000-нан астам азамат қатысты.

Іс-шарада денсаулық сақтау басқармасы, ауруханалар мен емханалардың өкілдері қызмет алушыларға денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін, оның ішінде медициналық көмек пен дәрі-дәрмек алу, емханаларға бекітілу мәселелерін түсіндірді.

Шара ашық талқылау форматында өткендіктен азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерге қатысты өз ұсыныстары мен ескертулерін білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив