Азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде
Бүгінгі таңда облыс бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі 99,8 пайызды құрайды.
Маусымдық кезеңге байланысты сиыр еті (төс-жон бөлігі) – 1,3 пайызға (келісі 2449 дан 2481 теңгеге дейін), картоп 2,5 пайызға (келісі 120 дан 123 теңгеге дейін), сәбіз 6 пайызға (келісі 151 ден 160 теңгеге дейін), қырыққабат 2,8 пайызға (келісі 143 тен 147 теңгеге дейін) өсуі байқалады.
«Семей»ӘКК» АҚ тауар интервенцияларын ұлғайту есебінен қарақұмық жармасының бағасын 10 пайызға (келісі 295 тен 265 теңгеге), күнбағыс майын 7,7 пайызға (литрі 663 тен 612 теңгеге), 1-санатты тауық жұмыртқасын 1,6 пайызға (10 данасы 553 тен 545 теңгеге) дейін төмендетті.
Осы ретте сиыр еті, күріш және 1 санатты тауық жұмыртқасының құны республикамыздағы ең төмен бағалардың бірі екенін атап өткен жөн.
Бағаны ұстап тұру мақсатында облыс әкімдігі жыл басынан бері барлық аудандарда 169 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізді.
Облыста 42 сауда дүңгіршегінде тұрақтандыру қоры өнімдері саудалануда. Бүгінгі таңда 216 тонна күнделікті тұтынатын тағам мен 695 тонна көкөніс сатылды.