Мемориалдық тақтаға гүл шоқтары қойылды
Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері, Төтенше жағдайлар органдарының ардагері Погадаев Александр Ивановичті еске алды. Аталған іс-шараға азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.
Өмір жолын қатыгез соғысқа арнаған, өрт күзетінде аянбай еңбек еткен ардагерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Іс–шара барысында Департаменттің Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы М. Ахриев, ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы М. Әбілхайыров және ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Дүйсекенов сөз сөйлеп, жас мамандарға А.Погодаевтың қызмет жылдары мен ерліктеріне тоқталып өтті.
Погодаев Александр Иванович 1924 жылы 25 желтоқсанда жұмысшы отбасында дүниеге келді. Атырау қаласындағы Ломоносов атындағы орта мектепте оқыған. Еңбек жолын 17 жасынан бастап халық шаруашылығының түрлі объектілерінде жұмыс істей бастаған.
1965 жылы Александр Иванович өртке қарсы қызмет органдарына қызметке орналасып, оны Гурьев қаласындағы №2 Өрт сөндіру бөлімінде өрт профилактикасының нұсқаушысы қызметінен бастады. 1969 жылы Свердлов өрт-техникалық училищесін бітіргеннен кейін басшы қызметтерде қызмет атқарды.
1976 жылдың қазан айында жұмыс тәжірибесін ескере отырып, Гурьев қаласы №2 Өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары лауазымына ұсынылды және осы лауазымда 9 жыл қызмет атқарды. 1985 жылы Александр Иванович ішкі қызмет полковнигі шенінде зейнеткерлікке шықты.
20 жылдан астам уақыт өрт күзетінде жұмыс істеді және мінсіз қызметі үшін бірнеше рет марапатталды. 2015 жылдың желтоқсан айында 91 жасында дүниеден өтті.
Іс-шара соңында, А.И. Погодаевтың үйіне орнатылған мемориалдық тақтаға гүл шоқтары қойылды.