Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
471.83 505.66 5.4

Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаевтың Отан қорғаушы күнімен құттықтауы

7-05-2024, 09:45 018.kz

Құрметті әскери қызметшілер Қадірлі жерлестер!

Сіздерді асқақ рух пен ерліктің, батылдық пен батырлықтың мерекесі Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Дана халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген ұлағатты сөз бар. Егемендік пен елдік мүдде жолында Отанға қорған болу – мәртебелі міндет.

Туған халқына қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетіп келе жатқан айбынды қорғаушыларымыз қорғаныстың берік қалқанына айналды. Еліміздің мызғымас тыныштығы мен ұлан-ғайыр жеріміздің тұтастығын сақтау жолында қажырлы еңбек етіп жүрген ержүрек жауынгерлеріміздің еңбегі құрметке лайық.

Мемлекетіміздің тұрақтылығы мен тәуелсіздігін кірпік қақпай күзету, көздің қарашығындай сақтау асқан қырағылық пен жауапкершілікті талап етеді.

Отан үшін күрескен батырларымыздың даңқты ерлігін естен шығармай, бейбіт өмірді ұрпаққа аманат ету – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Елдігіміздің тұғыры берік, еңсесі биік болсын.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әлеуеті артып, қорғанысымыз күшейе берсін.
Баршаңызға зор денсаулық, күш-қайрат пен бақ-береке тілеймін!

Құрметпен, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив