ҚР ӨҚМ Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі ережені бекітті
Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде Мемлекет басшысы «Кейбір заңнамалық актілерге кәсіпкерлікті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Заң отандық шикізатты өндірушілердің қазақстандық өңдеушілерді қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету міндетін қарастырады.
Аталмыш заңды іске асыру шеңберінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі ережені бекітті
Осы уақытқа дейін металл өндіру секторындағы басты мәселе шикізаттың жоғары экспорты болды. Орта есеппен бастапқы металдар экспортының үлесі шамамен 87%-ды құрады.
Енгізілген өзгерістер осы мәселені шешуге және жергілікті өндірушілерді шикізатпен қанықтыруға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, бекітілген механизм тек металлургияда ғана емес, сонымен қатар шикізатқа қажеттілік бар өңдеуші өнеркәсіптің басқа салаларында да жұмыс істейтін болады.
Отандық шикізатты пайдалану ел ішінде қайта өңдеуді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде біздің өндірістің бәсекеге қабілеттілігі төмендетілген баға есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Енгізілген өзгерістер осы мәселені шешуге және жергілікті өндірушілерді шикізатпен қанықтыруға мүмкіндік береді.
Айта кетерлігі, бекітілген механизм тек металлургияда ғана емес, сонымен қатар шикізатқа қажеттілік бар өңдеуші өнеркәсіптің басқа салаларында да жұмыс істейтін болады.
Отандық шикізатты пайдалану ел ішінде қайта өңдеуді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде біздің өндірістің бәсекеге қабілеттілігі төмендетілген баға есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Кабельдер мен сымдар, күштік трансформаторларды орауға арналған сымдар, алюминий профильдері және т.б. сияқты өз өндірісімізден тауарлар шығарамыз.
Қабылданған шаралар біздің кәсіпорындардың әлемдік нарыққа шығуына және еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ішкі нарық та өзінің түпкілікті өнімімен қамтамасыз етіледі.
Осының арқасында 2029 жылға қарай алюминий өңдеуді 5 есеге, мысты 13 есеге және қорғасынды 4 есеге арттыру жоспарлануда.
Қайта өңдеуді тереңдету маңызды міндет болып табылады, оны шешу экономиканың өзін-өзі қамтамасыз етуі мен елдің технологиялық құзыреттілігін арттырады.