МҚІА төрағасы Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне арналған шараға қатысты
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымдастыруымен өткізілген мерекелік шараға қатысты.
Жиында Сенат Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың басшылары бас қосып, ерекше белсенділігімен көзге түскен үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам өкілдері марапатталды.
Шара барысында Дархан Жазықбаев Агенттікпен бірлесе жұмыс істеген үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне алғыс хат табыстады.
27 ақпан – «Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні» ретінде 2014 жылы Еуропалық одақ ұсынысымен бекітілді. Аталмыш датаның мақсаты – үкіметтік емес ұйымдардың қоғам алдындағы еңбегін бағалау, азаматтық институттардың дамуына қолдау көрсету болып табылады.