Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылды

10-05-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау қаласындағы Ұлттық құрылтайда жариялаған «Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасы 25 сәуірден басталды. Бұл бағдарламаның негізгі үйлестірушісі, операторы – Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы).  Жаңа бағдарламаның шарттары туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз конференциясында «Отбасы банк» АҚ Абай облыстық филиалы Бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Арман Әбішев баяндады.

- «Наурыз» бағдарламасы аясында барлық қазақстандықтар қатысуға мүмкіндігі бар. Бағдарламаға қатысушы пәтерді Баспана маркет порталынан таңдап, брондап, сатып ала алады (otbasybank.kz).  Өтінімдерді қабылдау мерзімі екі айға, 30 маусымға дейін созылады. Бастапқы жарна тұрғын үй құнының 20 пайызын құрайды. Тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме 7%, ал қалған барлық азаматтар үшін – 9% (ЖЭС 9,3% - дан 11,8% - ға дейін) болады. Несие мерзімі 19 жылға дейін, - деп атап өтті Арман Әбішев.

Бағдарлама 8 жылға есептелген. Осы уақыт ішінде Қазақстанның 68 000 азаматын өз тұрғын үйімен қамтамасыз ету жоспарлануда. Биыл 12 мың қазақстандық жаңа тұрғын үй ала алады, ал қазіргі уақытта біздің өңірде 173 өтінім қабылданды.

- Өтінім беру және «Наурыз» бағдарламасының қатысушысы болу үшін Отбасы банкінде депозит ашу (ол болмаған жағдайда) және осы банкте жинақ шотында кемінде 1 млн теңге болуы қажет. Сондай - ақ, соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйдің болмауы, соңғы 6 ай ішінде ресми кірістің болмауы маңызды, - деп түсіндірді спикер.

«Отбасы банкі» өкілінің айтуынша, «Наурыз» бағдарламасын іске асыру үшін қаражат қаржы нарығына тартылмақ. Банк жыл сайын 8 жыл ішінде жалпы сомасы 1,7 трлн теңгеге облигациялық қарыздар шығаратын болады. Бірінші жылы 300 млрд теңге және кейінгі жылдары 200 млрд теңгеден шығару жоспарлануда.

- Алматы және Астана қалаларында қарыздың ең жоғары сомасы 36 млн теңгеге дейін, ал басқа өңірлерде 30 млн теңгеге дейін болады. Бір кредит шеңберінде жөндеуге ақша алуға, бірақ жөндеуге арналған қарыз сомасы үй сатып алуға арналған кредиттің жалпы сомасының 20% -дан аспауға тиіс, - деп түйіндеді А. Әбішев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив