Әскери бөлімге – 49 жыл
Ақпан айының 26-сы Аягөз гарнизонына қарайтын 41446 әскери бөлімнің құрылған күні. Атаулы мерекеге орай әскери бөлімде салтанатты жиын өтті. Іс-шараға әскери бөлімінің ардагерлері, жеке құрам және әскери қызметшілердің отбасылары қатысты.
Салтанатты жиында бөлім командирі полковник Есет Өмірбаев жеке құрамды мерекесімен құттықтап, мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде қызмет етіп жүрген барша әскери қызметкерлерге еңбекте табыс тіледі.
Сонымен қатар, шара барысында жеке құрамды көтермелеу жайлы бұйрық жеткізіліп, әскери қызметтегі кәсіби шеберліктері үшін бір топ офицерлер мен сержанттар, азаматтық персоналдар алғыс хаттармен, мақтау грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, әскери қызметшілердің балалары өз өнерлерін көрсетті.
Айта кетейік, 41446 әскери бөлімі Орта Азия әскери округі Құрлық әскерлері Бас штабы бастығының 1974 жылғы 26 ақпандағы № 453 Директивасы негізінде Семей облысының Аягөз қаласында құрылған. Бүгінгі таңда аталған әскери бөлімнің жеке құрамы жауынгерлік дәстүрді ұстана отырып, әзірлікті шыңдап, қырағылықпен міндеттерін атқарып, еліміздің тыныштығын күзетіп жүр.