Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Шәкәрім университеті жастар ұйымдарының «Үздік көшбасшысы» анықталды

28-02-2023, 11:45 018.kz

Бүгін «018.kz» ақпараттық порталының платформасында ұйымдастырылған байқаудың қорытындысы жарияланды. 

Шәкәрім университетінің студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының «Үздік көшбасшысын» анықтау бойынша жүргізілген дауыс берудің нәтижесі бойынша, ең көп дауыс жинаған Қазақстан студенттер Альянсы ұйымының жетекшісі Фархадов Ислам байқау жеңімпазы деп танылды.

«Үздік көшбасшысы» аталымының иегері Фархадов Исламды «Abay Media Group» ЖШС директоры Мирас Малғаждаров құттықтап, 100 мың теңге көлеміндегі қаржылай сертификатты табыс етті. 

Айта кетейік, бұл байқау «018.kz» ақпараттық порталының платформасында 2023 жылғы 13 ақпан күні 11:00 уақыттан 23 ақпан 11:00 уақытқа дейін ұйымдастырылған болатын. Байқауға Шәкәрім университетінің студенттік Өзін-өзі басқару ұйымдарының 21 көшбасшысы қатысады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив