Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда Қытай мен Еуропадан жеткізудің қауіпсіз тізбегі құрылады

28-02-2023, 12:03 Думан Кенжеғазыұлы

Еуразиялық кеңістікте трансшекаралық сауданы жүзеге асыру және электрондық коммерция үшін халықаралық логистикалық дәлізді ұйымдастыру мақсатында, ҚР-дағы Уәкілетті экономикалық оператор – «Қазпошта» АҚ мен Еуропалық Одақтың (ЕО) Уәкілетті экономикалық операторы – «WEA-Transport» GmbH (Германия) компаниясымен және Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Уәкілетті экономикалық операторы – «Huapengfei Co. Ltd» компаниясы арасында меморандумға қол қойылды. Бұл өзара тиімді сыртқы экономикалық қызмет үшін ҚР, ҚХР және ЕО уәкілетті экономикалық операторлары арасындағы үшжақты ынтымақтастықтың алғашқы меморандумы болып табылады.

Меморандумға халықаралық логистикалық платформаны дамыту және тауарларды жеткізудің қауіпсіз тізбегін бірлесіп пайдалану мақсатында қол қойылды. Аталған келісім «Бір белдеу – Бір жол», «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» сынды Еуразиялық кеңістіктегі трансшекаралық саудаға қолдау көрсетуге бағытталған. Арнайы кедендік жеңілдіктерді пайдалану кезінде, тауарларды кедендік декларациялауға кететін уақыт пен қаржылық шығындар барынша азайтылып, логистикалық тізбек оңтайландырылады, сондай-ақ тауардың бір жерде тұрып қалу уақыты қысқарады.

«Қазақстан Республикасының Уәкілетті экономикалық операторы мәртебесі бізге кедендік ресімдеу және тексеруді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Біз осындай ірі компаниялармен ынтымақтастық Қазақстан арқылы транзиттік әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді деп сенеміз", - дейді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив