Азамат Қасымов Абай облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды
Азамат Әбілұлы Қасымов 1985 жылы 8 тамызда Семей облысының Абай ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы «Алматы ақшамы» газетінде тілші болып бастаған.
2009-2017 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінде тілші, шолушы, руханият бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болды.
2017-2020 жылдары республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі,
2020-2022 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық «Алтай» телеарнасы қазақредакциясының шеф-редакторы, республикалық«Айқын» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, «Хабар» агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі болып еңбекетті.
2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Хабар» агенттігінің Абай облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарып келді.