Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
475.39 513.37 5.4

Жаңасемей ауданында егістік жұмыстары жүруде

14-05-2024, 10:27 Мадина Айдарова

Ауданның егістік алқабы 12 314 гектар, егістік жұмыстарына 51 шаруашылық субъекті  қатысып, сондай-ақ үй жанындағы және саяжай учаскелерінде ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстары жүргізіледі.

Жеке аулаларда ауыл шаруашылығы дақылдары егілмек. Аталған алқапта 427 га дәнді дақыл, 1 064,3 га картоп, 370 га көкөніс және бақша, 3 990,3 га майлы дақыл, мал азықтық дақылдар 6 443,5 га, жеміс-жидектер 18,8 га өсіру жоспарланып отыр.

2024 жылы ауданның шаруашылықтары сапалы тұқыммен қамтамасыз етілді. 427 га алқапқа дәнді дақыл егу үшін 19 тонна субсидияланған тұқымды шаруашылықтар өз қаражаттарына сатып алуда. Сонымен қатар 85 тонна күнбағыстың, 13 тонна бір жылдық және 12,6 тонна көпжылдық шөптердің тұқымы сатып алынады. Бүгінде субсидия алу үшін қажетті құжаттар әзірленіп жатыр.

Қазір ауданда көктемгі дала жұмыстарына техника жеткілікті, оның ішінде: трактордың барлық түрінен 686 трактор (624 дөңгелекті, 62 шынжыр табанды), 71 соқа, 56 культиватор, 36 тұқым сепкіш және 239 жүк көлігі бар.

Өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдары көктемгі дала жұмыстарын оңтайлы агротехникалық мерзімде жүргізуді қамтамасыз етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив