Қазақстан мен Түркия көне Тараздың тарихи ескерткіштерінің маңызын талқылады
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында халықаралық онлайн-дәріс өтті. Оған мәдени мекеме қызметкерлері, Түркияның Анкара университеті профессорлары мен докторанттары қатысты.
Шара барысында қатысушылар Тараздың әлемдік мәдениеттегі рөлін, Ұлы Жібек жолында орналасқан қаланың ежелгі және ортағасырлық археологиясының зерттелу тарихын талқылады.
Сондай-ақ Қарахан кесенесі, Айша-Бибі кесенесі сияқты республикалық маңызы бар мұралар тізіміне енген Жамбыл өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихы мен аңыз-әңгімелеріне де тоқталып өтті.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзі