Әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары әшкереленуде
Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі мемлекеттің қолдауына мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қорғау болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік саладағы бюджетті бөлу кезінде уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары тарапынан заңсыз әрекеттердің жолын кесу бойынша тұрақты негізде кешенді жедел іс-шаралар жүргізеді.
Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Ақтау қалалық соты облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы А. Манкешоваға және «Аско Сервис Шетпе» ЖШС өкілі А. Атадусовқа қатысты іс бойынша үкім шығарды.
Олар мектеп құрылысына техникалық қадағалау қызметтерін мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғанына 5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен Манкешова 3,5 жылға, Атадусов 2 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сонымен қатар бюджет қаражатын халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлу кезінде де жемқорлық фактілерінің алдын алады.
Агенттіктің Жетісу облысы бойынша департаменті
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Жетісу облысы бойынша департаментінің бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Ол мүгедектікті ұзартқаны және тағайындағаны үшін
2-ші және 3-ші санаттағы мүгедектерден делдалдар арқылы жүйелі негізде 20-дан 25 мың теңгеге дейін пара алды деп күдіктелуде.
Кінәсін толық мойындауына байланысты Сот күдіктіге қатысты «электрондық білезікті» қолдану арқылы «үйқамақ» бұлтартпау шарасына санкциялады.
Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.