Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Сенатор Дархан Қыдырәлі ТүркПА комиссиясының отырысына қатысты

15-05-2024, 09:45 Мадина Айдарова

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының Білім, мәдениет, әлеуметтік және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссиясының отырысына қатысты.

Комиссия отырысы барысында еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, еңбек мигранттарының әлеуметтік қорғалуы, олардың жұмысқа орналасуын және кәсіптік білім алуын қамтамасыз ету, саланы цифрлық дамыту мәселелері талқыланды.

Сенатор Дархан Қыдырәлі әріптестерінің алдында сөз алып, әлемдегі қазіргі геосаяси жағдайда ішкі және сыртқы көші-қон мәселесі аса маңызды екенін атап өтті. Ол біздің елімізде әртүрлі елдерден келген еңбек мигранттары санының көптігін айта келіп, Қазақстанның бұл салада едәуір тәжірибесі бар екенін жеткізді. Сенатор сондай-ақ еліміздің Парламенті мен Үкіметі келген мигранттарға қолайлы жағдай жасау үшін қарқынды қадамдар жасап жатқанын атап өтті.

Отырыста сонымен қатар Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясы елдеріндегі кәсіптік білім беру жүйесі мен еңбек нарығын құқықтық реттеуге ықпал ететін «Еңбек нарығының талаптарына сәйкес кадрлар даярлау туралы» үлгі заң жобасы талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив