Нұртөре Жүсіп Арменияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Армения Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Армен Гевондянмен кездесті.
Сенатор өз сөзінде Қазақстан мен Арменияның екіжақты түрдегі де, бірқатар интеграциялық бірлестіктер аясындағы да өзара іс-қимылының жоғары деңгейін атап өтті.
«Парламентаралық әріптестік екіжақты ынтымақтастықтың жалпы процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан мен Армения Парламенттеріндегі парламентаралық достық топтары бойынша қарқынды қадамдар жүзеге асуда. Біздің парламентшілер ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, ЕҚЫҰ мен Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеялары, сондай-ақ Парламентаралық Одақ аясында да көпжақты сипатта тығыз байланыста жұмыс істеп келеді», - деді Нұртөре Жүсіп.
Тараптар сонымен қатар туристік, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Армен Гевондян өз кезегінде Армения Қазақстанмен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға белсенді ықпал етуге дайын екенін атап өтті.
Тағыда оқыңыз
Қазақстан Республикасының Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың тарихы бай және болашағы жарқын