Cемей32°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
486.47 554.77 6.26

Қазақстанның әскери оқу орындарына Пәкістан делегациясы сапар шекті

16-05-2024, 12:46 Мадина Айдарова

Астанаға бригадалық генерал Джамал Аламның басшылығымен шетелдік делегация танысу сапарымен келді. 

Оның құрамында Пәкістан Ислам Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушылары мен Бангладеш, Непал және АҚШ офицерлері бар. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде делегация үшін білім ордасының басшылығымен кездесу өткізілді. Сапар аясында брифинг, дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылып, меймандар Пәкістан әскери өнері аудиториясында да болып қайтты.  

Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде Пәкістан делегациясымен Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов кездесті. Тараптар әскери ынтымақтастық пен өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты.

Шетелдік қонақтар Ақмола облысы Щучинск қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде болып, оқу орнының оқу-материалдық базасымен және «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің көрікті жерлерімен танысты. 

Бұл шара Қазақстан мен Пәкістанның қорғаныс ведомстволары арасындағы Әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив