Абай облысында этномедиация орталығы ашылды
Абай облысының «Қоғамдық келісім» орталығында «Этносаралық қақтығыстарды реттеудегі медиативтік тәсіл» атты семинар-тренингі аясында этномедиация орталығының ашылу салтанаты өтті.
Абай облысының ішкі саясат басқармасының және «Сана» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен салтанатты шараға республикалық деңгейдегі этномедиатор М. Адаев, медиация Кеңесінің мүшелері, Абай облысының Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі қатысты.
Ашылған этномедиация орталығының мақсаты - өңірдің этносаралық қатынастары саласындағы медиацияны дамыту мәселелерін жалпы үйлестіру, этносаралық шиеленістің ерте алдын алу шараларын әзірлеу, іске асыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу, оның ішінде облыстағы қала мен аудандарға шығу, этносаралық негіздегі жанжалдардың алдын алу және реттеу мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды, кеңес беруді ұйымдастыру және өткізу, қоғамдық келісім мен бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру және тағы басқа да міндеттер кіреді.
Орталық өңірдегі этносаралық шиеленіс талданып, олардың алдын алу шараларын әзірлеу, этносаралық негіздегі қақтығыстар мен жанжалдардың алдын алу және реттеу мәселелері бойынша барлық меншік нысанындағы мүдделі органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды, қоғамда бейбітшілік пен келісім идеяларының құндылықтарын дәріптеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының қатысуымен іс-шараларды ұйымдастырады.