Cемей32°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
486.47 554.77 6.26

Таразда Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның ІІМ есірткіге қарсы күрес бөлімшелерінің басшылары кездесті

16-05-2024, 14:22 Мадина Айдарова

Тараз қаласында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің ІІМ есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшелері басшыларының кездесуі өтті.

Үш елдің ведомствоаралық өзара іс-қимылының нәтижелері талқыланды.

Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтар мен тыйым салынған заттар трафигінің арналарын жоюда бірлескен күш-жігерді одан әрі арттырудың маңыздылығы атап өтілді.

Синтетикалық есірткілердің, оның ішінде интернет-ресурстар мен электрондық төлем жүйелері арқылы таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша шарттық базаны жетілдіру, жедел өзара іс-қимыл, сондай-ақ өңіраралық және шекара маңындағы ынтымақтастығын жандандыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив