Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстан мен БАӘ цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті

16-05-2024, 17:52 Мадина Айдарова

2024 жылғы 15-17 мамырда Қазақстанға Министрлер Кабинеті министрінің бәсекеге қабілеттілік және тәжірибе алмасу мәселелері жөніндегі орынбасары Абдулла Нассер Лута (Abdulla Nasser Lootah) бастаған Біріккен Араб Әмірліктерінен делегация келді.

Сапар барысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мадиев Жаслан Хасенұлымен, ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің басшыларымен кездесулер өтті.

Кездесулер барысында цифрлық трансформация және бағдарламалау, Стратегиялық жоспарлау және үкімет қызметін цифрландыру саласында тәжірибе алмасу бойынша өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ цифрландыру саласындағы жаңа әзірлемелер, стартаптар және Астана хабтың қызметі таныстырылды.

Екіжақты кездесулер шеңберінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар басшыларына арналған Мұхаммед бен Рашид мемлекеттік басқару мектебі Executive Leadership бағдарламасы бойынша оқытудың ресми іске қосылуы өтті.

«Бүгін біз Ұлттық акселератордың іске қосылатынын жарияладық. Өзекті проблемалық мәселелерді шешудің 100 күнінде БАӘ-нің жеделдету тәжірибесін зерделей отырып, осы тетікті Ұлттық жобалық кеңседе іске қосуды жөн көрдік.. Мемлекеттік органдармен бірлесіп акселерациялау тақырыптары анықталды. Маңызды бағыттардың бірі - Capacity Building (әлеуетті арттыру), оның шеңберінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп, Мұхаммед бен Рашид мемлекеттік басқару мектебінің Executive Leadership Program бойынша Мемлекеттік органдардың басшыларын оқытамыз. Яғни, БАӘ-не цифрлық вице - министрлерімізді оқытуға жібереміз, олар жасанды интеллектті қолдана отырып, түрлі салалардағы мемлекеттік басқарудың жаңа тәсі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив