Абай облысында «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті
Барлық өңірлерде «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығу шеңберінде ормандардағы өрт қауіпсіздігі режимін сақтауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешені, уәкілетті органдармен және ұйымдармен орман-дала өрттері барысында туындайтын негізгі, қосалқы міндеттерді орындау бойынша штабтық жаттығулар өткізілді.
Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық жедел штаб Абай облысының «Семей Орманы» мемлекеттік табиғи резерваты Бородулиха филиалының аумағындағы далалық жағдайларда орналастырылды.
Жаттығу жоспарына сәйкес, резерваттың орман алқабында өрт болды, ол қатты екпінді желдің салдарынан қысқа мерзімде орманның жоғарғы жағын шарпып, елді мекендерге қауіп төндірді.
2024 жылғы 16 мамырда экология және табиғи ресурстар, төтенше жағдайлар, қорғаныс, ішкі істер министрліктерінің, ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ұлттық ұланның, жергілікті атқарушы органдардың өртті сөндіру, жерді жырту, орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру жөніндегі күштері мен құралдарының іс-қимылдары пысықталған практикалық іс-шаралардың 2-ші кезеңі өткізілді. Оқу орындарын пысықтау барысында өрт және ауыл шаруашылығы техникасы, су төгу құрылғылары бар тікұшақтар қолданылды, пилотсыз ұшу аппараттары, «ҚТЖ ҰК» АҚ өрт пойызы жұмылдырылды.
Халықты эвакуациялау және оны уақытша орналасу пунктіне орналастыру, үй жануарларын қауіпсіз жерге айдау, авариялық-құтқару қызметтерінің мемлекеттік шекараны жеңілдетілген тәртіпте кесіп өтуі бойынша жаттығулар өткізілді.
Практикалық бөлім аяқталғаннан кейін республикалық жедел штабта вице-министр Б.Қ. Әбдішевтің басшылығымен оқу-жаттығу қорытындысы шығарылды.