Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Қытайда алғашқы Қазақстан-Қытай астық форумы өтеді

17-05-2024, 10:54 Мадина Айдарова

Қазақстанның вице-премьері Серік Жұманғарин мен ҚХР Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары Лю Гочжун 16 мамырда Астанада өткен екіжақты кездесуде ынтымақтастықты жандандыру үшін ауқымды мәселелерді талқылады.

Негізгі мәселелердің ауыл шаруашылығына қатысты болды. Тараптар кедергісіз сауда жолындағы елеулі қадамдарды атап өтті. Бірінші кезекте, 2024 жылғы ақпанда Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірлерінен Қытайға ет өнімдерін экспорттауға қатысты аусыл бойынша шектеулерді алып тастау. Бұл Қазақстанға ҚХР-ға жоғарғы сападағы мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауды қайта бастауға мүмкіндік берді.

«Қытайлық бизнесмендерді Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және терең өңдеу, оның ішінде өндірістік кооперация қағидаттары бойынша бірлескен жобаларды ұйымдастыруға шақырамыз. Біз дәнді және майлы дақылдарды, ет, құс шаруашылығы, сүт және балық өнімдерін, бал, жемшөп және басқа да азық-түлік түрлерін экспорттауға дайынбыз», —  деді Серік Жұманғарин ҚХР делегациясына.

Қазақстаннан Қытайға жеткізілетін негізгі дақылдардың бірі – бидай. 2023 жылы Қытайға 592 мың тонна, 2024 жылдың бірінші тоқсанында 220 мың тонна бидай экспортталды. Сонымен қатар соңғы 5 жылда Қазақстаннан Қытайға өсімдік шаруашылығы өнімінің экспорты 4,6 есеге, атап айтқанда, 2019 жылғы 750 мың тоннадан 2023 жылы 3,5 млн тоннаға дейін ұлғайды.

Соңғы 5 жылда Қазақстаннан Қытайға бидайдан басқа да өсімдік шаруашылығы өнімдерінің экспорты 4,6 есеге, 2019 жылғы 750 мың тоннадан 2023 жылы 3,5 млн тоннаға дейін ұлғайды.

Дәнді дақылдарды жеткізудегі ынтымақтастықты нығайту жолындағы елеулі қадам 2024 жылғы маусымда ҚХР-ның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында өтетін алғашқы Қазақстан-Қытай астық форумы болмақ. Оған астық экспорты/импорты мен оны қайта өңдеу өнімдерін реттеуге қатысатын екі елдің қазақстандық және қытайлық бизнесінің, мемлекеттік органдары мен мемлекеттік компанияларының өкілдері қатысады.

Кездесуде қазақстандық тарап ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық бойынша бірлескен кіші комитет құруды ұсынды. Бұл екі елдің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзара іс-қимыл әлеуетін неғұрлым тиімді іске асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ кіші комитет жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның ауыл шаруашылығы және көлік министрліктері, ҚТЖ, ҚХР Бас кеден басқармасы және Қытай темір жол әкімшілігі қызметкерлерінен тұратын бірлескен жұмыс тобын құру ұсынылды, ол туындаған мәселелерді жедел және дәйекті түрде шешетін болады.

Сондай-ақ кездесу барысында тараптар көлік және логистика, электрондық коммерция, су үнемдеу, мәдени-гуманитарлық қатынастар және басқа да салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив