Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
451.31 504.56 5.36

СІМ-де Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Қатар Елшісін қабылдады

17-05-2024, 15:50 Мадина Айдарова

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Қатар Мемлекетінің Елшісі Әбделазиз бен  Сұлтан Әл-Румехиді қабылдады.

Сұхбат барысында Қ.Омаров қатарлық дипломатқа екі ел арасындағы өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайтуға күш салғаны үшін алғыс білдірді. Соңғы жылдары Астана мен Доха арасындағы қол жеткізілген саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін ерекше атап өтті.

Кездесу соңында Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген зор еңбегі үшін Қатар Елшісі Ә.Аль-Румейхи жоғары мемлекеттік награда – ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив