Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Қытай және Орталық Азия өкілдері экология, кәсіпкерлік және инновация мәселелерін талқылады

17-05-2024, 12:00 Мадина Айдарова

Шыңжаңда Қытай мен Орталық Азияның жастар көшбасшылары арасында «Болашаққа көпір» атты оқыту және тәжірибе алмасу лагері өтіп жатыр.

Лагерь жұмысы барысында экология, кәсіпкерлік және инновация, ауылдық жерлерді дамыту мәселелері талқыланды.

Қазақстаннан Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Шыңжаңдағы бірлескен лагерь түрлі елден келген жас таланттарға қызықты идеялар мен пікір алмасуға, жаңа тәжірибе алып, пайдалы байланыс орнатуға көмектеседі.

Сапар аясында қазақстандық делегация Бүкілқытайлық жастар федерациясының әріптестерімен екіжақты кездесу өткізді. Кездесуде әртүрлі сала бойынша жастарға тең мүмкіндік жасау, жастар кәсіпкерлігін қолдау және дамыту, сондай-ақ жастардың қоғамдық және саяси өмірге белсенді қатысуы мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді, сондай-ақ осы жылға арналған екіжақты іс-шаралар жоспарлары белгіленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив