Қорғаныс министрлігінде жоғары оқу орындарында тегін білім алу үшін 1,5 мың орын бөлінді
Қарулы күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда мерзімді әскери қызмет өткерген бір жарым мың азамат жоғары оқу орындарында жеңілдікпен оқи алады.
Әскерде борышын өтеп жүрген сарбаздарды оқу орындарына бөлу жөніндегі комиссияның отырысы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың басшылығымен өтті.
Іс-шараға Қарулы күштердің басшылық құрамы, Төтенше жағдайлар министрлігі және Ұлттық ұланның өкілдері қатысты. Онлайн режимде оны әскери бөлімдердің командирлері мен білім беру жеңілдіктерін алу үшін байқауға қатысқан сарбаздар бақылап отырды.
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың айтуынша, бұл мерзімді әскери қызмет сарбаздары арасында орындардың үшінші рет бөлінуі.
Биылғы жылдың алтыншы мамырында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Сондықтан қорғаныс ведомствосының жобасы, бастапқыда жасалған меморандумдар шеңберінде еліміздің жоғары оқу орындары қолдаған, құқықтық сипатқа ие болды. Сонымен қатар, тегін оқу сертификаттарын иеленгендер қосымша артықшылықтарға ие болды.
Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева жыл бойы сарбаздардың жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлығы бойынша бағалау қорғаныс ведомствосының сайтында орналастырылған «Срочники 2.0» цифрлық платформасында көрсетілетінін айтты. Қолданыстағы жүйе іріктеудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етеді, өйткені оқу орындары бойынша орындарды бөлу автоматты түрде жүргізіледі.
Айгүл Төлембаева бұл жолы Қарулы күштер, Ұлттық ұлан және ТЖМ қатарында қызмет еткен 16 630 сарбаздың 10 268-і жеңілдікпен жоғары білім аламыз деп шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Олар үш жоғары оқу орнын таңдай алады. Негізінен жастар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне, Astana IT University және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне түсуге ниет білдірді. 990 сарбаз әскери оқу орындарын: Құрлық әскерлерінің әскери институтын, Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтын, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты мен Ұлттық ұлан академиясын таңдады.
«Көктем-2023» әскерге шақырылған сарбаздарды бөлу «орындарды бөлу» батырмасын басу арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. ҰҚК Мемлекеттік күзет қызметі мен Шекара қызметі қатарында қызмет еткендер қазірдің өзінде еліміздің жоғары оқу орындарында жеңілдікпен орындарға ие болғанын атап өткен жөн.
Айгүл Төлембаева әскери қызметшілер сертификаттың бар-жоғын іздеу қойындысына өз деректерін енгізу арқылы «Срочники 2.0» платформасында тексере алатынын түсіндірді. Мемлекеттік білім беру гранттарына ұқсас сертификаттар оларды бұрмалау мүмкіндігінсіз QR-кодпен шығады.
Жоғары оқу орнында тегін оқуға сертификат алғандардың тізімі әлеуметтік желілерде жарияланып, жоғары оқу орындарына жіберіледі.
Айта кету керек, қалған 1,5 мың орын әскерге 2023 жылдың күзінде шақырылған сарбаздарға осы жылдың күзінде бөлінеді.