Астанада Жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасын пайдалануға арналған оқыту семинары өтті
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ базасында өткізілген оқыту семинарында Жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасын қолданудың жолдарын үйретті.
Семинарға Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары республикалық қауымдастығының, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жер қойнауын игеріп жатқан компаниялардың өкілдері қатысты.
Оның барысында қатысушыларға Minerals.gov.kz бірыңғай платформасының қызметі таныстырылды. Аталған платформаны енгізу инвесторлар мен мемлекет арасындағы геологиялық есептер туралы өзекті ақпаратты алудан бастап, қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге лицензиялар беруге дейінгі процестің ашықтығын қамтамасыз етеді деп көзделген.
Бұдан бөлек осы цифрлы шешімнің қызметін жақсарту мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар өз ұсыныстарын https://t.me/mineralsgovkz телеграм-чатына қалдыра алады.