Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Орталық Азия елдері БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына өздерінің жоғары бейілділігін растайды — Тамара Дүйсенова

17-05-2024, 18:48 Мадина Айдарова

Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азиядағы жаһандық шарты Консультативтік комитетінің 3-ші отырысы өтіп жатыр. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қазақстан Үкіметі атынан шараға қатысушылар алдында бейнебайланыс арқылы сөз сөйледі.

Вице-Премьер аталған отырыстың өткізілуі Орталық Азия елдерінің 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға ниеті жоғары екенін тағы бір мәрте айқындайтынын атап өтті. Елімізде қабылданған міндеттемелерді нәтижелі іске асыру үшін Үкімет деңгейінде Үйлестіруші кеңес жұмыс істейді. Сонымен қатар Парламентте Сенат төрағасының жетекшілігімен тұрақты даму бағытындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің орындалуын бақылау жөніндегі комиссия құрылған болатын.

Өткен жылдың қыркүйек айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ саммитіне қатысып, Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін тұрақты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталық ашудың қажеттігін атап өткен болатын.

«Бас кеңсесі Қазақстанда орналасқан Орталық Азия бойынша БҰҰ Жаһандық Келісімшартының халықаралық кеңсесінің құрылуы осы аймақтағы тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында елдер арасында тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік береді. Қазақстандағы бизнес қауымдастықтың тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда қызығушылығы жоғары. Былтыр Жаһандық Келісімшартқа 7 отандық компания мүше болса, бүгінде олардың қатары 71-ге жетіп отыр. Бұл қадам Мемлекет басшысының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның өңірлік орталығын ашу туралы бастамасын жүзеге асыруға сеп болмақ», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

БҰҰ Жаһандық Келісімшарты – Біріккен Ұлттар Ұйымының 2000 жылы көтерген ерікті бастамасы. Ол бүкіл әлемдегі кәсіпорындар мен ұйымдарды тұрақты әрі әлеуметтік жағынан жауапты саясат ұстануға ынталандырады. Келісім негізгі 4 бағытты қамтиды: адам құқықтары, еңбек, қоршаған орта және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Тұрақты даму мақсаттары БҰҰ Жаһандық Келісімшарты стратегиясына енгізіліп, негізгі бағыты ретінде қолданылуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив