Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.19 636.44 6.49

Балқаш көлінің су деңгейі тағы 8 см көтерілді

20-05-2024, 12:46 Мадина Айдарова

Балқаш көлінің су деңгейі тағы 8 см-ге көтерілді. Трансшекаралық Іле өзенінен көлге су жіберу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Осыған дейін су деңгейі 15 см-ге артып, 1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 182 см-ге көтерілді. Жыл басынан бері Балқаштағы су деңгейі 23 см-ге көтерілді.

«Балқаш көліндегі су деңгейін анықтау үшін 4 гидробекетте: Сарышаған, Қарақұм, Балқаш және Мыңарал бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар, БҚО-ның Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн текше метр су барды, Каспий теңізіне тағы 200 млн текше метр су жіберілді, Ұлытау облысынан Қызылорда облысының ауылшаруашылық алқаптарына су жіберу жалғасып жатыр», – деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив