Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
476.27 515.47 5.41

Қазақтың ұлы гуманист-күрескері Ахмет Байтұрсынов туралы жаңа фильм жарыққа шығады

21-05-2024, 10:27 Мадина Айдарова

23 мамырдан бастап еліміздің кинотеатрларында «Соңғы үкім» толықметражды көркем фильмі көрсетіледі. Фильмде Ресейимпериясы мен Еуропаның айтулы университеттерін тәмамдаған білімпаз қазақ зиялыларының  алғашқы толқыны ұстаз деп мойындаған бастауыш сынып мұғалімінің өмір жолы туралы баяндалады.

Фильмде Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің негізін салып, XX ғасырдың бас шеніндегі ірі түрколог ғалымдар оны қалай тең тұтқаны көрсетіледі.
Сондай-ақ бұл фильм өлім тәнін алса да,бірақ өзін ешқашан жоғалтпай, істеген барлықістері келер ұрпақтың игілігіне айналады деп сенген Ахметтің өмірінің соңғы сәттерінен сыр шертеді.

Кинотуындыны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен «Folklore media» студиясы түсірді.
Фильм Алматы, Семей қалалары мен Абай, Алматы, Жетісу облыстарының жерінде түсірілді.

2024 жылдың 23 мамырынан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан «Соңғы үкім» фильмін көріңіздер.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив