«Елімай» ФК матчтарында ересектер мен балалар үшін бірыңғай баға белгіленеді
«Елімай - Қайрат» матчындағы көрермендердің көп жиналуына байланысты «Спартак»стадионы мен «Елімай» ФК басшылығы жауап берді.
«Келтірілген қолайсыздықтар үшін тағы да кешірім сұраймыз және клуб мұның қайталанбауы үшін бар күшін салады деп сендіреміз. Біз тегін балалар билеттерімен тәжірибе жасадық, ол өкінішке орай жоспарланғандай болмады. Осыған байланысты біз матчтарды ұйымдастыру бойынша еуропалық стандарттарға көшуіміз керек, өйткені бұл бүкіл әлемде жасалуда», - делінген клубтың әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында.
Енді, бүкіл әлем сияқты, жанкүйерлер команданың матчтарына алдын-ала жиналуы керек, ал ойын басталғаннан кейін стадиондарға кіруге шектеу қойылады.
«Келесі матчтан бастап оңтүстік кіреберіс қосымша ашылады. Қағаз билеттер бойынша стадионға кіру оңтүстік кіреберіс арқылы жүзеге асырылады. Электронды түрде - негізгі қақпа арқылы кіру жүзеге асырылады. Матч басталғаннан кейін стадионға кіру жабық болады. Сонымен қатар, матчқа алдын-ала келетін жанкүйерлер үшін біз жақсы бонустар дайындаймыз. Қазір бұл мәселе пысықталуда, бұл туралы біз қосымша жариялаймыз», - деп жазды «Елімай» ФК өкілдері.
Аталған шаралар матчтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жайлы матч көру мақсатында қабылданып жатқаны атап өтілді. Бұл ретте «Елімай» ФК жанкүйерлерге «Қайратпен» өткен матчта командаға көрсеткен керемет қолдауы үшін шын жүректен алғысын білдіреді.
«Бұл ұмытылмас кеш болды. Сіздер Семей футболдың отаны екенін тағы да дәлелдедіңіздер. Кеше біз тарихи жетістікке жеттік. Семей футболының бүкіл тарихында стадионда көптеген жанкүйерлер ешқашан жиналмады және Сіздердің әрқайсыларыңыз осы оқиғаның бір бөлігі болдыңыздар»,- делінген «Елімай» ФК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзіСемейде «Елімай» футбол клубының ресми таныстырылымы өтті