Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Сенатта Қазақстан мен Германияның парламентаралық ынтымақтастығы мәселелері талқыланды

21-05-2024, 20:03 Мадина Айдарова

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Евгений Больгерт, Геннадий Шиповских және Нурия Ниязова Германияның Федералды Үкіметінің қоныс аударушылар және азшылық істері жөніндегі уәкілі, Бундестаг депутаты Натали Павликпен кездесті.

Сенатор Евгений Больгерт өз сөзінде Қазақстан мен Германия депутаттарының ынтымақтастығы парламентаралық байланыстарды дамытуға ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Парламенті мен Бундестагтың басшылығы мен депутаттары деңгейінде бұдан былайғы сапар алмасу біздің елдеріміздің стратегиялық әріптестігін тереңдететіні туралы айтылды.

«Біз парламентаралық ынтымақтастықпен қоса ГФР-мен тәжірибе алмасуға да мүдделіміз. Біз Германия басшылығының елімізге және Орталық Азияға деген ынта-ықыласын бағалаймыз. Сонымен қатар, бұрын сіздің партияңыз Бундестагтағы парламенттік фракциясы бағыт-бағдар тұрғысында «Орталық Азия: көпір салу және мүмкіндіктер беру» құжатын қабылдаған болатын. Онда көрсетілген тәсілдерді іске асыру ГФР-ның Қазақстанмен ынтымақтастығын дамытуға зор серпін берер еді», - деді сенатор Больгерт.

Сенаторлар кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту саясаты туралы әріптесіне айтып берді. Қатысушылар сондай-ақ энергетика, инвестиция, жасыл экономиканы дамыту және т.б. салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив