Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

СІМ-де Қазақстан-Германия ынтымақтастығы күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды

22-05-2024, 20:21 Мадина Айдарова

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Германия Федеративтік Республикасы Бундестагы Адам құқықтары және гуманитарлық көмек комитетінің төрайымы Рената Альтпен кездесті.

Тараптар сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, соның ішінде парламенттік дипломатияның өзара тиімді диалогты нығайтудағы рөлін талқылады.

Сұхбаттасушылар екі мемлекеттің президенттері Франк-Вальтер Штайнмайер мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы өзара сапарлары серпін берген саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени салалардағы ынтымақтастықтың белсенділігін атап өтті.

Энергетика, соның ішінде жаңартылатын энергия көздері, сирек шикізатты өндіру және өңдеу, білім және туризм салаларындағы өзара тиімді әріптестікті нығайтудың жақсы мүмкіндіктері ерекше айтылды.

Неміс депутаты Президент Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанды» құрудағы негізгі бағыттар мен принциптерді жоғары бағалады.

Қазақстан мен Германия өкілдері реформаларды ілгерілету бойынша пікір алмасып, адам құқықтары мен демократияны қорғау, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясында осы салада өзара әрекеттесу мәселелеріне ерекше назар аударды.

Кездесу соңында тараптар Астана мен Берлиннің барлық екіжақты және көпжақты өзара іс-қимыл мәселелері бойынша диалогты одан әрі арттыруға деген берік ұстанымдарын растады.

Анықтама: 2005 жылдан бері Германиядан Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция көлемі шамамен 5,8 млрд АҚШ долл. құрады.

2023 жылы Қазақстан-Германия тауар айналымы 3,9 млрд долл. (экспорт – 742,3 млн, импорт – 3,2 млрд) құрады.

Парламентаралық диалогты дамытуда екі ел парламенттерінде жұмыс істейтін «Қазақстан – Германия» және «Германия – Орталық Азия» парламенттік топтардың өзара іс-қимылы маңызды рөл атқарады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив