Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында 44 мыңнан астам оқушы мемлекеттік тілден емтихан тапсырады

22-05-2024, 17:10 Думан Кенжеғазыұлы

Биыл алғаш рет 5-8 сынып, 10-сынып оқушыларына қазақ тілінен аралық емтихандар өткізіледі.  Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Абай облысы білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев баяндады.

- Қазақ тілінен аралық емтихандар өткізудің негізгі мақсаты - білім алушылардың қазақ тілі бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеруін бағалау. Облыс бойынша 44 мыңнан  астам  оқушы  мемлекеттік тілден емтихан тапсырады. Сонымен қатар 27 -31 мамыр аралығы және 26- 30 тамыз аралығында жазғы мектеп жұмыс істейді. Ол негізгі және жалпы орта білім берудің негізгі пәндері бойынша 1-8 және 10-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылмақ. Жазғы мектепте оқу білім алушылар үшін тегін өткізіледі, - деп атап өтті спикер.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамыр мен 5 шілде аралығында электронды форматта өтеді, түлектер ҰБТ-ны екі рет тапсырады. Екі талпыныс та мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға жарамды. 

- Биылғы оқу жылында жоғарғы оқу орындарына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді 4 615 түлек тапсырмақ. Өту күнін, уақытын және орнын бітірушілер ҰТО-тың порталында өздері таңдайды. Сондай-ақ 1 сәуірден 31 тамызға дейін 1-сыныпқа өтініш қабылдау жүргізілуде. Болжам бойынша 1-сыныпқа 10 718 бала қабылданбақ,- деді Нұржан Ахметқалиев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив