Андрей Лукин Сербияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Андрей Лукин Сербия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Владимир Йовичичпен кездесті.
Сенатор Қазақстанның саяси дамудың маңызды кезеңінде тұрғаны туралы әңгімеледі. 2022 жылы конституциялық реформа жасалды және ауқымды ішкі саяси өзгерістер болды. Референдум және кезектен тыс президенттік сайлау, сондай-ақ Парламенттің екі палатасы мен жергілікті өкілді органдарға сайлау өткізілді.
Тараптар кездесу барысында құқықтық қамтамасыз ету, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, экологиялық саясат, логистика, мәдени-гуманитарлық білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Владимир Йовичич өз кезегінде Сербия Қазақстанмен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға белсенді ықпал етуге дайын екенін атап өтті.