Сенаторлар фармацевтика саласын дамыту мәселесін талқылады
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Фармацевтика саласының жай-күйі мен даму келешегі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысына дайындық аясында «СК-Фармация» ЖШС басшылығымен кездесті.
Сенат комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп өз сөзінде фармацевтика экономикадағы көшбасшы саланың бірі болуы тиіс екенін атап өтті.
Депутаттар халықты қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ фармацевтика саласын дамыту келешегіне байланысты проблемалық мәселелерді кездесуге қатысушылармен бірлесіп талқылады.
Шара барысында денсаулық сақтау саласындағы жағдайды жақсартуға және фармацевтика өнеркәсібін одан әрі дамытуға бағытталған жұмыстың негізгі басымдықтары анықталды. Инновацияларды ынталандыру, отандық өндірушілерді қолдау, сондай-ақ медициналық өнімдердің сапасын бақылау тетіктерін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.