Семейде 100-ден астам сарбаз ант қабылдады
Семей қаласының Орталық алаңында 30217 әскери бөлім сарбаздарының салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі ұйымдастырылды.
Әскери өмірге қадам басқан жас буынды айтулы күндерімен Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов құттықтап, азаматтық борыштарын абыроймен атқаруларына тілектестіктерін білдіріп, ыстық ықыластарын жеткізді.
«Әр ер-азамат өз Отаны мен отбасының қорғанышы. Әскер темірдей тәртіппен, асқан төзімділікті талап етеді. Жас сарбаздар Отан алдындағы міндеттеріңді абыроймен атқарып, анттарыңа берік болып, ата-аналарыңның үмітін ақтап өздерінің тәрбиелі, білімді қайратты екендеріңді көрсетіп, кейінгі жастарға үлгі болуларыңа және аман-есен елдеріңе оралуларыңа тілектеспін. Осындай ерекше күні жиналған баршаларыңызға бейбіт өмір, баянды бақыт, татулық пен береке-бірлік тілеймін. Ел іргесі тыныш, тәуелсіздік тұғыры берік болсын», - деді қала әкімі өзінің құттықтау сөзінде.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыАягөзде жас сарбаздар әскери ант қабылдады