Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
485.4 550.69 6.41

Семейде кезекті рет «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді

25-05-2024, 14:22 018.kz

Маңызды ақпарат!

Біз «Халық заңгері» республикалық акциясын өткізуді қайта бастаймыз, осы акция шеңберінде кез келген адам заң туралы тегін консультация алып, мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады. Акция 30 мамыр күні еліміздің ірі қалалары мен елді мекендерінде өтеді. Мемлекеттік органдар, елдің заңгерлері мен адвокаттары азаматтарды қабылдап, кез-келген құқықтық мәселелер бойынша халыққа консультация беретін болады. Кіру тегін. Неғұрлым толық және нақты ұсыныстар алу үшін ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге ала келіңіз.

Өткізу орны - Ағымдағы жылы 30 мамырда сағат 17:00-де, Семей қаласы, Абай көшесі, 86, Абай атындағы әмбебап кітапханасында

Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, “Параграф” ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Көмектесу үшін бірігеміз!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив