Сенатор Әли Бектаев ТүркПА комиссиясының жұмысына қатысты
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясы комиссиясының кезекті отырысына қатысты. Шара аясында ТүркПА-ға қатысушы елдерге қатысты қоршаған орта, табиғи ресурстар және денсаулық саласындағы маңызды мәселелер талқыланды.
Отырыста медициналық қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері көтерілді. Сондай-ақ «Тамақ өнімдерін пайдалануды реттеу туралы» және «Темекі өнімдерін пайдалануды шектеу туралы» үлгі заңдардың жобалары қаралды. Парламентшілер бұл бастамаларды қолдай отырып, азаматтардың денсаулығы мен табиғатын сақтауда осы құжаттардың маңыздылығына сенім білдірді.
Сенатор Әли Бектаевтың комиссия отырысына қатысуы экология мен денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын және өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге ұмтылысты паш етеді.