Cемей-18°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Қазақстан мен Қытай ақпарат саласындағы ынтымақтастықты күшейтпек

28-05-2024, 13:10 Мадина Айдарова

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов ҚХР Мемлекеттік хабар тарату және теледидар басқармасы басшысының орынбасары Ян Гожуймен кездесті.

Кездесуде тараптар бірқатар бірлескен жобалардың іске асырылу барысын, сондай-ақ радиохабар тарату және теледидар саласындағы ынтымақтастықты күшету мәселелерін талқылады.

Қанат Ысқақов жылдар бойы екі ел түрлі салада, соның ішінде мәдениет пен ақпарат салаларында серіктестікті белсенді дамытып келе жатқанын атап өтті.

«Біз қазақстандық және қытайлық бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастық табысты дамып келе жатқанын мақтан тұтамыз. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің осы жылдың сәуір айында Хэфэй қаласында өткен ШЫҰ-ға қатысушы елдердің қызметкерлеріне арналған семинарға қатысуын атап өту маңызды. Бұл Қазақстанның өңірлік бастамалар шеңберіндегі медиа-ынтымақтастықты дамытуда белсенді рөлін көрсетеді»,- деді вице-министр.

Өз кезегінде Ян Гожуй өзін жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, одан әрі ынтымақтастықты дамыту жөнінде ұсыныстар айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив