Қазақстан мен Сингапур ынтымақтастығы: IT секторын дамытудың жаңа векторы
Мемлекет басшысының Сингапур Республикасына сапары аясында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жоғары лауазымды өкілдермен және жасанды интеллект, электрондық үкімет және телекоммуникация салаларының дамуына жауапты түрлі ұйымдардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Сингапурдың Байланыс және ақпарат жөніндегі аға мемлекеттік министрі Джанил Путучаримен және Сингапур мемлекеттік технологиялар агенттігінің төрағасы Гох Вэй Бунмен кездесті. Кездесудің мақсаты цифрлық технологиялар мен инновациялар саласында өзара тәжірибе алмасу және ынтымақтастық орнату болды. Сингапурдың GovTech агенттігінің жетекшілеріне Сингапурдың мемлекеттік секторын цифрлық түрлендіруге, мемлекеттік қызметтерді жақсартуға және инновациялық технологияларды енгізуге ықпал ететін отандық GovTech әзірлемелері ұсынылды.
Сонымен қатар жұмыс сапары аясында Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі байланыс операторы әдетте «Singtel» деген атпен белгілі «Singapore Telecommunications Limited», сондай-ақ олардың технологияларды дамыту және цифрландыру салаларында үкіметтермен және кәсіпорындармен ынтымақтасатын жетекші технологиялық қызмет көрсететін компаниясы «NCS» атты ведомстволық бағынысты ұйымының басшысымен кездесу өтті.
Мемлекеттік басқару және халыққа қызмет көрсету тиімділігін арттыру үшін цифрландыру және инновациялық технологияларды енгізу саласындағы Сингапурдың озық тәжірибесін енгізу жоспарлануда. Сингапурлық серіктестермен бірлескен жобалар Қазақстанда озық цифрлық шешімдерді әзірлеуге және енгізуге көмектеседі. Сондай-ақ цифрлық технологиялар мен инновациялар саласындағы қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру үшін мамандар алмасу бағдарламаларын ұйымдастыру және бірлескен семинарлар мен тренингтер өткізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
Сонымен қатар, Жаслан Мәдиев Сингапурдың Ұлттық суперкомпьютер орталығының (NSCC) өкілдерімен кездесу өткізді. Компания басшылығы презентация жасап, компания өкілдері Сингапурдағы суперкомпьютерлік технологиялардың экожүйесі, қайта өңдеу және енгізу жұмыстары туралы айтты. NSCC тәжірибе алмасуға, консультациялар жүргізуге және қазақстандық экожүйеге қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Сонымен қатар, министр Жаслан Мәдиев AI Singapore басшылығымен кездесу өткізді. Тараптар экономика мен мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларында AI технологияларын әзірлеу және енгізу саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.