Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Жиһаз өнеркәсібіне инвестиция көлемі 11 есе өсті

29-05-2024, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында елімізде жиһаз өнеркәсібі саласына 1 173,4 млн теңге инвестиция тартылды. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 11 есеге көп. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы хабарлады.

Аталған секторға инвестиция тарту бойынша өңірлер арасында Түркістан облысы көш бастап тұр. Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында өңірдің жиһаз өнеркәсібі саласына 645,1 млн теңге немесе жалпы елдік деңгейдің 55 % тартылған. Мұндай жоғары өсім нәтижесі орындықтар мен отыруға арналған басқа да жиһаздар өндірісіне инвестициялар көлемінің артуына (645,1 млн теңге) байланысты мүмкін болып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив