Cемей-18°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Қазақстан мен Ресей еңбек инспекцияларын дамыту мәселелерінде ынтымақтасады

29-05-2024, 15:23 Мадина Айдарова

KIOSH-2024 Халықаралық конференциясы аясында Астанада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мен Ресейдің Еңбек және жұмыспен қамту жөніндегі федералды қызметінің басшысы Михаил Иванковтың кездесуі өтті. Диалог барысында тараптар ТМД қатысушы елдер мен Моңғолия еңбек инспекцияларының өңірлік альянсының қызметін талқылады, сондай-ақ Еңбек инспекциясы мәселелері бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Екіжақты кездесу барысында Ресей өкілдері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) ақпараттық жүйелерінің жұмыс принциптерімен таныстырды. Атап айтқанда, оларға жұмыспен қамту саласында түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін Еnbek.kz цифрлық экожүйесі, Отбасының цифрлық картасы және т. б. көрсетілді.

Тараптар Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті мен Ресейдің Еңбек және жұмыспен қамту жөніндегі федералды қызметі арасындағы 2023 жылғы 9 қарашада жасалған Еңбек инспекциясы мәселелері бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумды (бұдан әрі – Меморандум) іске асыру жоспарларын талқылады.

Құжат шеңберінде мемлекеттік еңбек инспекцияларының қызметін ұйымдастыру және олардың әлеуетін арттыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу және ынтымақтастық, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға, мигранттардың еңбек құқықтарының сақталуын бақылауға және т. б. мүмкіндік беретін қазіргі заманғы құралдарды енгізу және басқа да шаралар көзделген.

Кездесу қорытындысы бойынша Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов пен Ресей Федерациясының Еңбек және жұмыспен қамту жөніндегі федералды қызметінің басшысы Михаил Иванков Меморандумды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив