Cемей-18°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

«BI Qlik» скорингтік моделі еңбек дауларының туындау қаупі жоғары 400-ге жуық кәсіпорынды анықтады

29-05-2024, 20:03 Мадина Айдарова

Еңбек даулары кезінде уақытылы ден қою шараларын қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдар, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың бірлескен іс-қимыл алгоритмі қолданылады. Маңғыстау, Атырау, Павлодар, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында өңір әкімдерінің төрағалығымен еңбек қатынастары саласында ведомствоаралық штабтар құрылды. Облыстың әлеуметтік жағдайын талдау және бағалау үшін Ақтау қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілдігі жұмыс істейді.

ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында әр өңірде ұжымдық еңбек жанжалдары туындаған кезде бірлескен жедел іс-қимыл жасау үшін ұлттық қауіпсіздік, прокуратура, ішкі істер органдары және әкімдіктермен өзара ақпарат алмасу ұйымдастырылғанын хабарлады. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ және еншілес кәсіпорын персоналымен Жұмыс менеджментін жақсарту туралы Жол картасына қол қойылды. 1 жылдан астам мерзімге келісімшарттар жасасуға көшу қамтамасыз етіледі, ықтимал тәуекелдерді ерте анықтаудың скорингтік моделі енгізіледі.

«Еңбек дауларының алдын алу үшін министрлік кәсіпорындардың цифрлық картасын әзірледі және осы жылы оның шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері бойынша кәсіпорындардағы қаржылық, еңбек және әлеуметтік тәуекелдер бойынша жағдайды талдауға және әрбір кәсіпорынның жиынтық тәуекел дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін «BI Qlik» скорингтік моделі енгізілді. Бүгінгі таңда бұл жүйемен 13 мыңнан астам кәсіпорын қамтылған. Осы модельді енгізудің арқасында еңбек дауларының туындау қаупі жоғары, орташа және төмен кәсіпорындарды анықтаймыз», - деді спикер.

Тәуекелі жоғары 386 кәсіпорын анықталып, бақылауға алынды: Маңғыстауда – 125, Атырауда – 107, Ақтөбеде - 68, БҚО-да – 15 және басқа өңірлерде орташа тәуекелі бар 520 кәсіпорын. Аталған кәсіпорындармен ЖАО-мен бірлесіп, олардың проблемаларын шешу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив