Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Римде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан Сыртқы істер министрлерінің консультациялары өтті

30-05-2024, 12:46 Мадина Айдарова

Қазақстан тарапының бастамасымен «Орталық Азия – Италия» III Министрлік конференциясы аясында Римде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның сыртқы саяси ведомстволары басшыларының консультациялары өтті.

Кездесу барысында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесулерінің форматы шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Сұхбаттастар достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көліктік және мәдени-гуманитарлық салалардағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

ҚР СІМ басшысы М.Нұртілеу мұндай іс-шаралар аймақтың одан әрі даму векторын сенімді түрде айқындауға мүмкіндік бере отырып, халықаралық саясаттың маңызды факторына айналғанына назар аударды.

Министрлер өзара қызығушылық тудыратын өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарын теңестірді». Тараптар сондай-ақ көпжақты құрылымдар және ОА+ форматтары шеңберіндегі өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив